
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері тарих, экономика және құқық, экономика және менеджмент, туризм факультеттерінің, сондай-ақ прокуратура, сот орындаушысы, «Мир путешествий» турагенттігі және БҚО бойынша өңірлік электр желілік компания өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.
Бұл кездесудің басты мақсаты студенттерге арналған білім беру бағдарламасын жетілдіру болып табылады. Кездесу барысында жаңа курстарды таңдау пәніне енгізу және қазіргі заманғы білікті мамандарды даярлау бойынша оқытушылар мен жұмыс берушілер тарапынан ұсынымдар сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Аталған іс-шара бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Кадр саясаты тобының бас маманы А.Бердіқұлова құқық қорғау органдары қызметкерлеріне мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен шарттарды насихаттау үміткерлерді қызметке қабылдау үшін жинақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.