
Дәстүр бойынша жылына бірнеше рет ШҚО бойынша ҚАЖ департаментіне жылжымалы қан құю станциясы келеді. Бұл пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері негізгі қызметтен қол үзбей пайдалы және маңызды істі – ауру адамдарға қажетті қан банкін толтыру үшін жасалады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі апталық донорлық акцияның мақсаты 68 литр қан компоненттерімен толықтыру.
Таңертеңнен түске дейін жылжымалы станция облыстық ҚАЖ департаментінің жанында болды. Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері мен барлық өз еркімен ниет білдіргендер қан тапсыра алды.
- Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері үнемі медициналық тексерулерден өтеді және денсаулықтары қан тапсыруға лайық, сондықтан дәрігерлер оларды еріктілер қатарында көруге әрдайым қуанышты. Біздің қызметкерлер қан доноры болуға белсенді қатысады, өйткені қан донорлығына азаматтық ұстаным ретінде жауапкершілікті қалыптастыру, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.
Мұндай акциялар тоғыз жыл бойы өткізіліп келеді, сондай-ақ жыл сайын донорлардың саны артып келеді. Өскемен қаласының пробация бөлімінің қызметкерлері ерекше белсенділік танытып, олардың ортақ іске қосқан үлесі біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін екендігіне сенім артады.
Қан алғаннан кейін дәрігерлер донорларға белсенді бастамасы үшін алғысын білдірді. Тек бірінші күні акцияға ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінен 30-дан астам қызметкері қатысты.