
2014 жылдың тамыз айынан бастап медбике Елена Бирюкова Ақмола облысындағы ЕЦ-166/4 мекемесінде жұмыс істейді.
1986 жылдың шілдесінде өз еркімен Ауғанстан Республикасындағы совет әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Кабул қаласының қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің инфекциялық госпиталіне жұмысқа барған. Жас медбикелер соғысқа өз еріктерімен барған кезде не ойлағандарын айту қиын.
– «Иә, бұл оңай болған жоқ, күндіз-түні жаралылармен жұмыс істедік, операцияларға көмектестік, біздің жігіттерді қатарға қайтардық», – деп еске алады әскери медбике Бирюкова
Жас әріптестерінің өтініші бойынша Елена сол күндер туралы естеліктерімен бөлісіп, залда бірнеше минутқа тыныштық орнады. Әскери медбикеге Ауған соғысы туралы айту оңайға соқпады.
– Елена Брюкова атынан біз сарбаздарға, сержанттарға, офицерлерге, Отанына жанқиярлықпен қызмет еткендерге үлкен құрмет көрсетіп, жауынгерлерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз, басқа мемлекеттердің аумағында бітімгершілік миссиясын орындаған интернационалистерге, соғыс қимылдарының ардагерлеріне зор денсаулық, бейбітшілік, ертеңгі күнге сенімділік, сәттілік пен амандық тілейміз, – деді колония бастығының орынбасары Жеңіс Ибраев.