
ЕС-166/25 мекемесінде кәсіби агротехникалық колледжінің бөлімінде WorldSkils Kazakhstan аясында «Аспаздық» мамандығы бойынша сотталған-студенттер арасында байқау өтті. Сайыскерлер «Бас аспазшы» және «Жақсы аспаз» болып екі топқа бөлінді. Олар екі модуль бойынша жұмыс істеді.
Технологиялық картамен дағдыланған сотталған-студенттер тапсырманы талапқа сай және осыған бөлінген уақытты мүлтіксіз орындады. Олар көкөністерді кесуде барлық шеберліктерін көрсетіп, қауіпсіздік шараларын сақтады, ең соңында жұмыс орнын жинады. Дәмді таңдауды және дәмдеуіштерді дәміне қарай пайдалануды, бәсекеге қабілетті тағамдарды дәміне қарай ескере отырып, әр команда ерекшелеліктерімен көзге түсті. Сайыс тапсырмаларының қорытындысы бойынша тауықтың төс етін көкөністермен бұқтыру арқылы дайындап, «Бас аспазшы» командасы жеңіске жетті. Жалпы, екі команда да жақсы дайындады.
– Екі ұжым да тапсырманы өте жақсы атқара білді. Біздің жұмысымызды көріп, сотталғандарды әлеуметтендіруге қосқан үлесіміз екенін түсінгеніміз қуантады, – дейді кәсіптік колледжінің бөлім меңгерушісі Айгүл Бейсембаева.