
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті Сол жағалау ауданының пробация бөлімінің қызметкерлері арасында Пробация психологтары ұжымды ұйымшылдыққа бейімдеу бағытында тренингтер ұйымдастырылды. Тренинг аясында әртүрлі жұмыс әдістері қолданылды.
Іс-шара мазасыздық пен эмоционалды күйзеліс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ ұжымдағы тиімді өзара әрекеттесуге, пробация қызметкерлері арасында қолайлы жұмыс атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.
- Тренинг барысында қызметкерлерге стрессті жеңілдетудің әдістері мен тәсілдері айтылып, релаксация сипатындағы әртүрлі әдістер ұсынылды. Өйткені, жұмыстағы ұжым - бұл бір-біріне сенетін және ортақ мақсаттарға жету үшін жұмыс істейтін қызметкерлер тобы. Егер қызметкерлер біртұтас болса, әркім өз міндеттерін түсініп, әріптестерімен үйлесімді жұмыс істесе, мекеме әлдеқайда тиімді жұмыс істейді, - деп атап өтті Сол жағалау ауданының пробация қызметінің бастығы Бауыржан Төлеуханов.