Павлодар облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері балаларға шахмат сыйлады

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері балаларға шахмат сыйлады

Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері аймақтық туризм және спортты дамыту басқармасының шахмат үйіне сотталғандардың қолымен жасалған шахматты сыйға тартты.
– Біздің ұйымда әр түрлі жастағы 500-ге жуық бала шахматпен айналысады. Шахмат тек зейінділікті дамытып қана қоймай, баланың интеллектісін арттырады, сондықтан біз осы ойынға барынша балаларды көбірек тартуға тырысамыз, – дейді Павлодар облысы шахмат федерациясының атқарушы директоры Ульяна Захарова.
Айта кетейік, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында мекемелер арасында да, сондай-ақ ішкі шахматтан турнирлер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Төрешілікке Павлодар облысының шахмат федерациясының өкілдері белсенді қатысады.