Риддерде есепте тұрғандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Риддерде есепте тұрғандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Риддер қаласының пробация қызметі халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп пробация қызметінде есепте тұрған жұмыссыз азаматтармен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында сотталғандарға бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу тәртібі мен шарттары туралы ақпарат, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті ашу және іске асыру шарттары туралы ақпарат берілді. Ұсынылған ақпарат бойынша сотталғандардың қызығушылығы мен жұмысқа орналасуға ниеті пайда болды.
– 10-нан астам есептте тұрған азамат өздеріне лайықты жұмыс тапты. Оның ішінде бұрын жақсы төленетін жұмысқа ресми түрде жұмысқа орналаса алмаған Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын сотталған адам да бар. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде осы сотталған осы іс-шараға қатысып, одан әрі кәсіпорынға жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді, – деп бөлісті Риддер қаласының пробация қызметінің аға инспекторы Динара Айсина.
Сотталғандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс одан әрі жалғасатын болады.