Елордалық ҚАЖД қызметкерлері балалар үйінің бүлдіршіндеріне есте қаларлық демалыс ұйымдастырды

Елордалық ҚАЖД қызметкерлері балалар үйінің бүлдіршіндеріне есте қаларлық демалыс ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері балалар үйіндегі бүлдіршіндерді кинотеатрға ертіп апарып, демалыс ұйымдастырды. Осылайша 25-тен астам бала үлкен экраннан өз арманындағы мультфильмді тамашалауға мүмкіндік алды.
Іс-шараны елорданың қылмыстық-атқару жүйесінің жас қызметкерлері ұйымдастырды. Балалар үйінің 4-5 жастағы 25 тәрбиеленушісі «Біз - Монстр 2» атты қызықты мультфильмді үлкен экраннан тамашалап, бір сергіп қалды. Балаларға попкорн, тәттілер мен сусындар ұсынылып, қызметкерлер оларға түрлі ойындар ойнатқызды.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды алдағы уақытта ұдайы өткізіп тұратындарын атап өтті.