Ақтөбе тұрғыны тергеудегі танысына, бананға телефон жасырылған тыйым салынған заттарды жеткізбек болды

Ақтөбе тұрғыны тергеудегі танысына, бананға телефон жасырылған тыйым салынған заттарды жеткізбек болды

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің Режим, қадағалау және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде бананның ішіне мұқият жасырылған ұялы телефон және Beeline SIM-картасын тәркіледі.
Тыйым салынған заттарды 29 жастағы И. есімді қала тұрғыны мекемеде«жалған кәсіппен айналысты» деген айып тағылған тергеудегі танысына бананның ішіне жасырып, бермек болған.
– И. есімді азамат өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791 және 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.