Нұр-Сұлтан қаласында сотталған рақымшылық бойынша пробация қызметінің есебінен шығарылды

Нұр-Сұлтан қаласында сотталған рақымшылық бойынша пробация қызметінің есебінен шығарылды

7 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды. 30 жыл ішінде бұл елде қолданылған тоғызыншы рақымшылық болды.
Осы Заңға сәйкес: қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар, сондай-ақ залал келтіруге әкеп соқпаған ауырлығы орташа қылмыс жасаған не оны толық өтеген және ол бойынша азаматтық талап қойылмаған адамдар қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылады.
Мәселен, Нұр-сұлтан қаласы Алматы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған, ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаға сотталған Т. өзіне осы заңды қолдану туралы өтініш білдірді.
Сотталған адамның жасаған әрекеті қылмыстық теріс қылық санатына жатқызылғандықтан, жоғарыда аталған адам Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» № 81-VII ҚРЗ Заңы және Нұр-сұлтан қаласының Алматы ауданы №2 аудандық сотының жылдың 10 қаңтарындағы қаулысы негізінде босатылып, есептен шығарылды.