ШҚО тергеу изоляторына 300-ге жуық кітап тапсырылды

ШҚО тергеу изоляторына 300-ге жуық кітап тапсырылды

Өскемен қаласындағы жергілікті атқарушы органның қолдауымен ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/2 тергеу изоляторларының кітапханасы жаңа кітаптармен толықтырылды.
Басылымдардың ішінде көркем және классикалық әдебиет, түрлі журналдар мен энциклопедиялар бар. Тергеу изоляторына берілген әдебиеттер тек ересектерге ғана емес, жасөспірімдерге де арналған, өйткені тергеу изоляторында кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушылар да бар.
Қызметкерлердің айтуынша, бұл сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге, олардың ой-өрісін және сауаттылық деңгейін кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады.
Айта кету керек, ҚАЖ мекемелеріндегі кітапханалар мәдени өмірдің орталығы болып табылады, ал сотталғандар риза оқырмандарға айналады. Олардың көпшілігі жазаны өтеу кезінде оқуды пайдалы әдетке бейімдейді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, кітаптар қиын жағдайға тап болған адамдарға түзету жолына түсуге көмектеседі.