
Айыртау ауданының пробация қызмет бөлімі жалғыз басты зейнеткерге тұрақты негізде қолдау көрсетеді.
Пробация қызмет бөлімі Айыртау ауданының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, тіркеуде тұрған сотталғандарды қатыстыра отырып, жалғыз басты зейнеткердің қар басқан ауласын тазартып, қол ұшын созды. Көрсетілген қолдау үшін ер адам барлық іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Бұл жерде жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету жұмысы аяқталған жоқ. Біз бірлескен қайырымдылық жұмысымызды үйлестіретін Жастар ресурстық орталығымен бірге тұрақты түрде жалғастырамыз, – деді пробация қызметкерлері.