Маңғыстау облысының колониясында жергілікті имам сотталғандармен кездесу өткізді

Маңғыстау облысының колониясында жергілікті имам сотталғандармен кездесу өткізді

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде Ар-Рахман мешітінің имамы Емел Зиядолла мен мекеме тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Е.Сәрсенбаевтың сотталғандармен кездесуі өтті.
Кездесу «Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу», «Өзіне-өзі зақым келтірудің алдын алу» сияқты тақырыптарды түсіндіру мақсатында өтті.
Имам Емель Зиядулла атап өткендей, суицид- аса ауыр күнә. Имам мұсылман адамның мұндай әрекеттерге бара алмайтындығын түсіндірді. Сондай-ақ, имам қоныс-колониясында жазасын өтеушілерге арналған тәрбиелік сипаттағы тақырыпта әңгіме жүргізді.