
АП-162/1 мекемесінің қызметкерлері №31 балабақшаның тәрбиеленушілеріне құстарға жем салатын үйшіктер мен жемістер алып келді.
- Мемлекет басшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялады, мекеменің жеке құрамы балаларға есте қаларлық қуаныш сыйлауға тырысты. Сотталғандар құстарға арналған бірнеше үйшіктер жасап, оларды монофониялық бояумен бояп, ал үстіне балалар суреттерін сала алатындай етіп жасап берді. Сонымен қатар, қазір суық мезгіл болғандықтан, біз балаларға жемістер сатып алдық. Бұл кішкентай тосынсыйлар балақайлардың қуаныштарына себеп болады деп ойлаймыз, - дейді мекеме бастығының орынбасары Берік Рахимов.⠀
ҚАЖ қызметкерлері құстарға арналған жемсалғыштардың қолда бар, кәдімгі күнделікті қолданылатын материалдардан жасалғанын атап өтті. Бұл қызметкерлердің айтуынша, биылғы жылы қаланың кішкентай тұрғындары үшін соңғы шара емес. Жыл бойы мекеме басшылығымен павлодарлық бүлдіршіндерге арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.