
Сергей Молчанов пен Меруерт Шакирова Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/1 қауіпсіздігі аралас мекемесінде тергеудегі-қамауындағылармен кездесті.
Арнайы тексеру барысында ҰАТ қатысушылары тергеу-қамауға алынған үш адамды қабылдады.
-Тергеу қамауындағылар мен сотталғандардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сақтау мақсатында біз ҰАТ және ҚБК-мен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасаймыз. Айта кету керек, мұндай тексеру жиі өткізіледі. Сонымен қатар, тұлғалармен кездесулер толық құпия түрде өтеді, – деп атап өтті мекеме басшысы Ардақ Иманғалиев.
Сондай-ақ, Ұлттық алдын алу тетігі азаптаудың және қатыгез қарым-қатынастың басқа да түрлерінің алдын алу мақсатында тәуелсіз сарапшылардың қамауда ұстау орындарына үнемі тексеру жүйесін білдіреді.