
Тәні саудың, жаны сау! Осы ұранмен 28 қаңтарда елордалық ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 мекемесінің қызметкерлері арасында кадр саясаты бөлімінің кәсіби және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі инспекторы А.Сейлханов өткізген шаңғы спорты бойынша жарыс өтті.
- Спорттық жарыстарды өткізу бірінші кезекте командалық рухты, топта жұмыс істей білуді дамытады, бұл біздің күнделікті қызметімізде аса маңызды. Сондықтан біз Айтуғанның бұл әдісті күнделікті тәжірибеде қолдануын ынталандыруға тырысамыз, - дейді іс-шараны өткізуге ат салысқан кадр саясаты бөлімінің бастығы Арман Қаршалов.
Жарыс нәтижесі бойынша жас қызметкерлердің бірі, режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты А. Мұхтатов бірінші орынға ие болды.
– Оның құқық қорғау органдарындағы мансабы енді ғана басталады, егер ол жұмыста да мақсаттарға қол жеткізуде осындай табандылықты көрсетсе, онда, сөзсіз, жақын арада біздің қатарымыз тағы бір жақсы білікті офицермен, өз ісінің кәсіпқойымен толықтырылады, – деп жеңімпазды мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Амангелдиев сипаттады.
Екінші және үшінші орындарды режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Е.Сапарғали мен режим және күзет бөлімінің бақылаушысы А. Қапар иеленді.
– Мені әрқашан жеке құрамымыздың жетістіктері қуантады. Осы балалардың әрқайсысы үшін уайымдаймын, өйткені олардың барлығы – біздің мекеменің үздіктері мен мақтанышы, – деп құттықтау сөзін мекеме бастығының міндетін атқарушы Әсет Нұрсейіт аяқтады.