Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы - қайта әлеуметтендірудің маңызды процесінің негізгі буыны

Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы - қайта әлеуметтендірудің маңызды процесінің негізгі буыны

«Жұмыспен қамтылған сотталғандар барынша ұйымдасқан, тәртіпті, өндірісте жұмыс істей отырып, олар жұмыста барынша пайдалы екенін білуге, қолда бар дағдыларды бекітуге тырысып, босатылғаннан кейінде игерген кәсіптері пайдалы болуы мүмкін», –деп бөлісті Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесі бастығының орынбасары Төлеген Бикеев.
Осы мекеменің «Еңбек-Көкшетау» РМК № 1өндірістік учаскесінде әртүрлі өнімдер шығаратын өндірістік цехтар – тігін цехы, шағын наубайхана және аяқ киім тігу цехы жұмыс істейді. Көптеген жылдар бойы граниткадағы тігін конвейері тек арнайы контингенттің киімдермен ғана емес, маусымдық киімдермен де қамтамасыз етіп, мұнда басқа облыстардағы ҚАЖ мекемелері үшінде тапсырыстар орындалады.
«Қазір жұмыс барысында полицейлерге арналған арнайы киімді тігуге тапсырыс бойынша – камуфляж түстес заманауи жылы күртешелер, жартылай комбинезондар тігілуде. «Еңбек-Астана» РМК үшін барлығы 100 жиынтық тігілді», – дейді «Еңбек-Көкшетау» басшысы Жанайдар Омашев. Арнайы киім-кешекті 20-дан астам сотталған адам тігеді, ал осы арнайы тапсырыстың сапасын учаскенің инженер-технологы Елена Говорухина бақылайды.
«Мекемеде мен тігінші-мотористің жаңа мамандығын игеруге мүмкіндік алдым,– әрине, бірінші айда менде бәрі бірдей болған жоқ, бірақ жұмыс істеуге және отбасым мен жақындарыма пайдалы болуға деген ұмтылыс маған қажетті нәтижеге қол жеткізуге оң ықпалын тигізді. Қазір мен цех басшылығының ескертулерінсіз және шағымдарсыз жұмыс істеймін, ай сайын жалақы аламын, оның бір бөлігі сот істерін өтеу үшін ұсталады, ал қалған табысымды отбасыма жіберемін, тіпті электронды дүкен арқылы мекеме ішінде қажетті тауарларды сатып алуға ақша қалады» – дейді сотталған Георгий.