БҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметі жастар ресурстық орталығымен меморандумға қол қойды

БҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметі жастар ресурстық орталығымен меморандумға қол қойды

27 қаңтарда Шыңғырлау аудандық пробация қызметі Шыңғырлау ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен 2022 жылға арналған Меморандумға қол қойылды.
Өткен жылы Ресурстық орталықтың қолдауымен жыл бойы Шыңғырлау ауылының облыстық мұражайының ғимаратында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен тәрбиелік сипаттағы профилактикалық іс-шаралар өткізілді, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға қайырымдылық көмек көрсетілді, ресурстық орталықтан сыйлықтар мен марапаттаулармен ойындар мен жарыстар өткізілді.
– Мұндай бірлескен жұмыс сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және олардың қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізеді, - деп атап өтті Шыңғырлау ауданы Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы О. Жұмашева.