
Қазіргі уақытта БҚО-да ҚАЖД РУ-170/2 мекемесінде аттестатталған және жалданбалы қызметкерлер 100% ревакцинациядан өтті.
– Ревакцинация – бұл вакцинациядан кейін алынған иммунитетті қолдауға бағытталған қайта егу. Зерттеулерде көрсетілгендей, вакцинациядан кейінгі иммунитет уақыт өте келе төмендейді және вирусқа толықтай «қарсы тұру» үшін инъекцияны қайталау керек, – дейді мекеме басшысы.
Еске сала кетейік, елімізде өткен жылы 22 қарашада халықты қайта вакцинациялау науқаны басталды.