«Еңбек» РМК және «Qaz Textile Industy» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

«Еңбек» РМК және «Qaz Textile Industy» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Мемлекеттік саясатты жергілікті өңірде дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, өндірістік кооперацияны дамыту жөніндегі саясатты іске асыру мақсатында «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Qaz Textile Industry» «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерінің ұлттық бірлестігі заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы» ҚБ басқарма төрайымы Гүлмира Бекенқызы Уахитовамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында материалдар мен фурнитураны тікелей сатып алу, Қазақстанның барлық өңірлерінде тігін кәсіпорындарымен тауарларды бірлесіп тігу бойынша өндірістік кооперацияны ұйымдастыру, өндірістік алаңдарды қосымша жарықтандыруға көмек көрсету мақсатында «Еңбек» РМК өндірістік цехтарына техникалық аудит жүргізу, сотталғандарды тігін ісінің қыр-сырына оқытуды ұйымдастыру, инвестициялар тарту жәнет.б. мәселелер талқыланды.
Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.