Ақмола облысында 18 сотталған рақымшылықпен бостандыққа шығарылды

Ақмола облысында 18 сотталған рақымшылықпен  бостандыққа шығарылды

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/25 мекемесінде рақымшылық актісін қолдану арқылы 18 сотталған бостандыққа шығарылды. Бұл шағын және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған сотталғандар, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы адамдар да бар.
Сонымен қатар, мекемеде алдағы уақытта 69 сотталған өздерінің жаза өтеу мерзімдерін рақымшылық актісі арқылы қысқартып, отбасыларына оралатын күнін, яғни бостандыққа шығатын күндерін асыға күтуде.
Сотталғандарға арналған бостандыққа шығару туралы соттар мекеменің әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен онлайн түрде өткізілді.
– Оларға қарап «Рақымшылық туралы» Заңды жүзеге асыруға дайындық барысындағы үлкен жұмыстың бекер жасалмағанын түсінесін. Әсіресе, туыстары мен босатылғандардың өздерінен түсінік танытқаны, көмегі мен қолдауы, түзеу мекемесі қызметкерлерінің қажырлы еңбегі үшін әкімшілікке алғыс сөздерді естудің өзі қуантады, – дейді колония бастығы Мерген Аргумбаев.
Мекеменің қызметтері туыстары алып кете алмаған адамдарға үйлеріне жетуіне көмектесіп, тамақпен, қаржы-қаражатпен қамтамасыз етті.