
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық сотталған бар.
Қалалық пробация қызметінің бастығы Бақыт Наурызбаевтың айтуынша, есептегі 90 сотталғанға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданып, іс-құжаттары жинақталып, Қызылорда қалалық №2 сотына жолданған.
– Қызылорда қалалық №2 сотында жеті сотталғанның іс-құжаты сот өндірісімен қаралды. Оның ішінде екеуі рақымшылық заңына сәйкес босатылса, бес азаматқа жазасының өтелмеген 3/1 бөлігі қысқартылды. Ал қалған 83 сотталғанның іс-құжаттары сот қарауында, – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Б.Наурызбаев.