
Кәсіптік бағдарлау-болашақты жоспарлау және өз өмірімізді қандай кәсіппен байланыстырамыз, ол қадамдар мектеп және студенттік жылдардан басталады. Түлектер бүгін болашаққа қандай ниетпен қадам жасайтыны туралы ойлануы керек.
Осы мақсатта ҚР ІІМ ҚАЖК ЕС-164/8 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша инспекторы Андрей Юнусов
М. Қозыбаев атындағы СҚУ заң факультетінің «Құқықтық пәндер және құқықтану» кафедрасының 3 және 4 курс студенттерімен кездесу өткізді..
Андрей Геннадьевич студенттер мен түлектерге қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке қабылдау ережелерін түсіндіріп, еліміздің күш құрылымдарында жұмыс істеудің бірқатар артықшылықтарын атап өтті.
Оның студенттермен әңгімесі өте қызықты болды, өйткені ол өзі осы кафедраның түлегі. Өзінің үлгісімен ол қыздар мен жас жігіттерге қылмыстық-атқару жүйесі органдарында өз қызметін қалай бастағанын, бұл жұмыстың несімен қызықты екенін, осы бағытты таңдау кезінде нені ескеру керектігін айтып берді.
Студенттерді әртүрлі мәселелер қызықтырды: сотталғандарды ұстау және олармен жұмыс істеу жағдайынан бастап, осы құрылымдағы жұмыстың қаншалықты қауіпсіз екендігіне дейін.
Андрей Геннадьевич барлық студенттерге сұрақтарға толық жауаптарын беріп, кездесу соңында жұмысқа қызығушылық танытқан студенттер онымен телефон нөмірлерін алмасты.
Тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіптік бағдарлау кездесулері көбінесе ЖОО түлектерінің мансаптық жолына бастама болады.