
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бір күнде жоғалған Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан іздеп тапты. Желтоқсан айында Ф. Апраксин атындағы Каспий теңіз және өзен көлігі институтының 20 жастағы студенті жоғалғаннан кейін туыстары оны өз бетінше табуға тырысқан. ЖОО студенттің жоғалғаны туралы өтінішпен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына іздеуге жүгініп, Астрахань қаласының еріктілері де іздеуге ат салысты.
Сонымен қатар, туыстары тек Ресейде ғана емес, Қазақстан аумағында да құқық қорғау органдарымен байланысты барлық адамдардан көмек іздей бастады. Баланың жоғалғаны туралы естіген бойдан департаменттің ГМ-172/10 мекемесінің бастығы Есболат Ағлепесұлы мен ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімшіесінің аға инспекторы Ғабит Чутабеков өз күштерімен келесі күні Қазақстан азаматын іздеп тауып, студенттің тұрғылықты жері мен байланыс туралы ақпаратты Ресейдегі туыстары мен құқық қорғау органдарына берді.
Осылайша жоғалған Сергей Ханты-Мансийск автономиялық округінің Сургут қаласынан табылды. Кейін анасы мен ұлы кездесіп, туған қаласы Ақтауға келді. Табылған студенттің анасы Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД басшылығына, қызметкерлеріне қырағылық пен жеделдік танытқаны үшін алғысын айтты.