
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ағымдағы жылдың 19 қаңтарына дейін Мемлекет басшысының бүкіл республика бойынша төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлықтарына, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексінің және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңының талаптарына байланысты ерекше жағдайлар режимі енгізілгені белгілі.
Осыған байланысты колонияларда және тергеу изоляторларында мекемелерден тыс жерлерге шығуға, кездесулерге, сондай-ақ сотталғандар мен тергеу қамауындағы адамдар үшін сәлемдемелер мен сауқаттар алуға байланысты мәжбүрлі шектеу шаралары қабылданды.
Бұдан басқа, Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарын (38-баптың 6-бөлігі) ескере отырып, уақытша шектеулер қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдеріне де қолданылуда. Бұл ретте, осы Кодекстің нормаларына сәйкес (42-баптың 5-бөлігі) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары ҚАЖ мекемелеріне кедергісіз кіреді.
Сондай-ақ тергеу-қамауындағылардың адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалану бойынша құқығы сақталғанын хабарлаймыз. Адвокаттарды (қорғаушыларды) ҚАЖ тергеу изоляторларында ұсталатын өзінің қорғауындағы адамдарға жіберу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Азаматтарды осы шараларға түсіністікпен қарап, шектеу шаралары аяқталғанға дейін сабыр сақтауларын сұраймыз. Сонымен қатар, тек ресми түсініктемелерге сүйеніп, жалған ақпарат таратпауды ескертеміз.⠀