ҚАЖ мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізілді

ҚАЖ мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізілді

Бұл режим Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізу туралы жарлықтарының, сондай-ақ ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 101-бабының негізінде 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап ағымдағы жылғы 19 қаңтарда 00 сағат 00 минутқа дейін қолданылатын болады.
Осы кезең аралығында ҚАЖ бөліністерінің ішкі тәртіптемесі уақытша өзгертіледі. Елімізде орын алған жағдайды ескере отырып, Қылмыстық-атқару кодексінің 105-113-баптарында көзделген сотталғандардың құқықтарын іске асыруда уақытша шектеу шаралары қабылданады. Бұл ретте, сотталғандарға сәлемдемелер мен сауқаттар заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады.
Сондай-ақ, ҚР ҚАК 143-бабының 9-бөлігіне сәйкес, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар жұмысқа орналасқан ұйымдардан шақыртылып, мекеме аумағында болады.
Барлық мүдделі тұлғалардан белгіленген шектеу шаралары аяқталғанға дейін сабырлық сақтауларыңызды және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Тек ресми түсініктемелерге сүйенуді және жалған ақпарат таратпауды ескертеміз.
ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртібі қағидаларының 84-тармағына сәйкес, сотталғандарға мекемелерде ерекше жағдайлар режимін енгізу себебінен кездесулер ұсынылмаған жағдайда, пайдаланылмаған күндер сақталып, неғұрлым кеш мерзімде берілетінін ескертеміз.