
15 желтоқсанда комитет төрағасы Жанат Ешмағамбетов ведомство қызметкерлерін мерекемен жеке құттықтап, қызметтік борышын адал атқарғаны үшін алғыс білдірді. Құттықтау сөзіне әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев, ҚАЖ комитеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсембин Ихсан және отставкадағы әділет полковнигі Иван Лобачев те қосылды.
Шара соңында, ведомство төрағасы қызметкерлерді «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, сондай-ақ ІІМ-нің басқа да ведомстволық наградаларымен марапаттады. Марапаттауға «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері де қатысты.
Сонымен қатар, ардагерлер ұйымдарының жұмысына, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, кәсіби шеберліктерін арттыруға қосқаны үлесі үшін, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қазақстандық ардагерлер Кеңесінің Төралқасы ҚАЖ комитеті мен аумақтық ҚАЖ департаменттерінің ардагерлерін «ІІМ-нің құрметті ардагері» төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Биылғы жылы барлығы 172 қызметкер марапатқа лайық деп танылды.