
Көрме экспонаттары сотталғандар арасында «Үміт – 2021» республикалық кескіндеме және қолданбалы өнер конкурсын өткізу қорытындысы бойынша таңдалды. Байқау қорытындысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде 25 қатысушыдан 4 сурет таңдалды, олар NFT токендеріне айналды.
Еуропалық шығармашылық гильдиясының үйлестіру кеңесінің мүшесі Исмаилов Шавкат пен суретші-кескіндемеші Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Жаралғасова Күлмайрам Қазақстанның түкпір-түкпірінен сотталғандардың жұмысын бағалады.
«Мұндай іс-шараларды өткізу үлкен әлеуетке ие, бұл сотталғанның байқауға қарапайым қатысуы ғана емес, сонымен қатар оның таланттарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін іздеу. Біздің тәжірибемізде сотталғандар түрлі алаңдар мен аукциондарға қатысып, осылайша өздерінің таланттарын табудың және іске асырудың жаңа тәсілдерін тапқан жағдайлар бар», - деп атап өтті ҚАЖК басқармасының бастығы Мұңайтпасова Бибігүл.
NFT marketplace аукционы бір аптаға созылады, бір картинаның бастапқы бағасы-0.1 ETH (414,76 АҚШ доллары). Сонымен қатар, байқауға қатысушылар өз жұмыстарын сатқан жағдайда түскен ақшаны қайырымдылыққа береді.