Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде 200-ден астам сотталғанға бостандыққа шығуына дайындық жұмыстары бойынша қолдау көрсетілуде

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде 200-ден астам сотталғанға бостандыққа шығуына дайындық жұмыстары бойынша қолдау көрсетілуде

2016 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру сияқты пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жоғарыда аталған заңға «Пенитенциарлық пробация» бөлігіне өзгерістер енгізілді.
Жаза мерзімін өтегенге дейін бір жыл қалған сотталғандарға қолданылатын пенитенциарлық пробацияны іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мекемесінің қызметкерлері пробация қызметкерлерімен бірлесіп, еңбекке және тұрмыстық орналастыру тәртібін регламенттейтін заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді.
Олар құқықтар мен бостандықтарды іске асыру мен қорғаудың қолданыстағы құқықтық тетіктері туралы хабардар етеді, бас бостандығынан айыру орындарынан босату кезінде әлеуметтік-құқықтық көмек алудың көлемі мен тәртібін түсіндіреді, әкімшілік қадағалау мен пробациялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ оны бұзудың салдары туралы алдын ала хабардар етеді, мекеменің еңбекке және тұрмыстық орналастыру қызметімен бірлесіп сотталғанды босатуға дайындау бойынша жұмысты жүргізеді.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ мекемелерінде пенитенциарлық пробацияның әрекетіне 200-ден астам сотталған жатады, олармен босатуға, бостандықтағы өмірге дайындық бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғын үйдің болуы, білім беру, денсаулық жағдайы және отбасылық байланыстарды сақтау сияқты мәселелер анықталуда.
Пробация қызметі мекеме әкімшілігімен бірлесіп босатуға дайындалатын адамдардың өтініші бойынша сотталғандарға еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты тіркеу және беру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, тұрғын үй жалдау жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен (агенттіктермен), қарт адамдарға, мүгедектерге және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік қызметтер алуға жәрдемдесу үшін әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимылды белгілейді.
Босатылған адамды өзінің мамандануына талап етілмеуіне байланысты жұмысқа орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарлама алған жағдайда, оны кәсіптік-техникалық оқыту шеңберінде қайта мамандандыру жөнінде шаралар қабылданады.
- Жобаның мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері сотталғандарды қоғамға әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасау болып табылады. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ҚАЖ қызметкерлері және басқалар қатысады. Алғашқы күннен бастап мекеме қызметкерлері сотталғандарды босатуға дайындайды,-дейді сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі топтың бас маманы Ақтоты Бекенова.