Қарағанды облысының ҚАЖ департаменті сотталғандардың туыстарын қабылдады

Қарағанды облысының ҚАЖ департаменті сотталғандардың туыстарын қабылдады

Облыстық ҚАЖ департаментінің басшылығы АК-159/18 мекемесінде заңсыз әрекеттер орын алды деп мәлімдеген сотталғандардың туыстарымен жеке қабылдау өткізді.
Бүгін АК-159/18 мекемесінде жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өтті. Іс-шара аумақтық ҚАЖ бастығының төрағалық етуімен облыстық мамандандырылған прокурор аға әділет кеңесшісі Нариман Кервеновпен бірлесіп өткізілді. Сондай-ақ қабылдауға өңірдің қоғамдық-бақылау комиссиясының төрайымы Нина Еркаева қатысты. Қоғамдық бақылау өкілі сотталғандардың туыстарына ұйымның қызметі жайлы, мекемеге барып, сотталғандардың шағымы бойынша ақпаратты тексеру және талдау жүргізетіні туралы айтып берді.
Еркаеваның айтуынша, «...БАҚ - та таратылатын әрбір факт назардан тыс қалмайды және құзыретті органдар тексеріп отырады».
Жеке қабылдауға орташа қауіпсіз АК-159/18 мекемесінде ұсталатын сотталғандардың 20-дан астам туысы қатысты. Қабылдауға олар онлайн және офлайн ретінде аралас үлгіде өтті.
Кездесуге қатысқан азаматтарды әсіресе соңғы күндері жиі талқыланған ақпараттар қызықтырды. Жазасын өтеп жатқан адамдарды ұрып-соқты деген мәліметтер БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған бейнеролик сотталғандардың жақындары арасында алаңдаушылық туғызды.
«Мамандандырылған прокуратура өкілдері мекеме қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер фактісі бойынша тексеру жүргізді. Видеода айтылған деректер расталған жоқ», - деп қорытындылады аға әділет кеңесшісі Нариман Кервенов.