ШҚО-ның әйелдер колониясына жаңа технологиялар енгізілуде

ШҚО-ның әйелдер колониясына жаңа технологиялар енгізілуде

Орталық Азиядағы Penal Reform International аймақтық өкілдігінің сараптамалық қолдауымен, ҚР ІІМ ҚАЖК мен және «Zona+telecom» ЖШС арасындағы әзірленген жобаға сәйкес ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/21 мекемесінде ҚР ҚАК-нің 109-бабына сәйкес таксофондар арқылы сөйлесуге арналған пин-кодтарды жедел жеткізу жүйесі орнатылды.
– Бұл жобаның негізгі мақсаты – таксафондық карталарды жеткізу уақытында туындайтын шығындарды қысқарту, сотталғандардың таксафондық қоңырауларына ақы төлеудің жаңа тәсілін енгізу, сондай-ақ пенитенциярлық жүйені цифрландыру және бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдармен телефон арқылы сөйлесулерін қамтамасыз ету. Заманауи ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалануы – сотталғандардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, олардың қоғамдық байланыстарын сақтап, арттырады, – деп түсіндірді мекеме бастығы Жақсылық Алтаев.
– Бізге түсіндіргендей, бұл жүйе үйге қоңырау шалуымызды айтарлықтай жеңілдетеді, яғни қазір туыстарымыз қоңыраулар үшін белгілі бір соманы онлайн төлегеннен кейін біз осы жерден пин-коды бар түбіртекті алып, қоңырау шалмастан бұрын, сол пин-кодты теріп, ары қарай туысымыздың нөмірін теріп, сөйлесе аламыз. Ал бұрын таксофондық карточкаларды алу үшін үйден хатты немесе сәлемдемені алуды күтүге тура келетін. Қылмыстық-атқару жүйесі цифрландырылып жатқанын өзіміз де сеземіз. Бізде қазірдің өзінде электронды өтініштерге арналған терминалдар бар, соттар бейнеконференцбайланыс арқылы өтеді, онлайн заңгерлік көмек те көрсетіледі және бейнебайланыс арқылы туыстарымызбен сөйлесіп тұрамыз. Иә, осындай оңтайлы мүмкіндіктер үшін біздің Үкіметке және мекеме басшылығына алғысымды білдіремін, – деді сотталған Евгения.