БҚО-да пробация қызметкерлері сотталғанға көмек көрсетті

БҚО-да пробация қызметкерлері сотталғанға көмек көрсетті

Бәйтерек ауданының №2 пробация қызметінің бөлімі кәмелетке толмаған үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған жазасын өтеуі кейінге қалдырылған, К. есімді сотталғанға көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оның күйеуі бас бостандығынан айыру орындарында, ол өзі анасымен және балаларымен тұрады.
Суық ауа райының басталуымен пробация қызметкерлері балаларына жылы киім сатып алу түрінде қолдау көрсетті. Сотталған пробация қызметінің қызметкерлерін жылы қарсы алып, көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдірді.
– Біздің әрқайсымыз жалғыз басты қарттарға, аз қамтылған отбасылардың балаларына, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, оларға назар аударып, шынайы қамқорлық көрсетуіміз қажет, - деп атап өтті Пробация қызметкерлері.