БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде сотталғандар арасында дойбыдан жарыс өтті

БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде сотталғандар арасында дойбыдан жарыс өтті

Тасқала аудандық пробация қызметі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дойбыдан турнир ұйымдастырды.
Турнир жазасы қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында ұйымдастырылды.
Іс-шара тек тәрбиелік сипатта ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттайды, сонымен қатар турнирді өткізуге жауапкершілікпен қараған ҚАЖ қызметкерлерінің беделін арттырады, дойбы әуесқойларын анықтау үшін жағдай жасайды.
Турнир айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Турнир қатысушылары мен жеңімпаздары алғыс грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.