
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Кадр саясаты тобының бас маманы Әсем Бердіқұлова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығының төртінші курс студенттерімен БҚО бойынша ҚАЖД-дағы және оған қарасты мекемелердегі бос лауазымдарды жинақтау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Іс-шарада қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік жеңілдіктер, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің міндеттері туралы ақпарат ұсынылды.
Студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауаптар беріліп, кездесу соңында кандидаттарға хабарландырулары бар парақшалар таратылды.