
Ерхан Уахитов 13 жасынан бастап аралас жекпе-жекпен айналыса бастады, көптеген турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
Әскерден кейін жігіт әкесінің жолын қуып, Көкшетау қалалық жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы басқармасына жұмысқа орналасты, ал 2 жылдан кейін ҚАЖ-ға ауысты.
Ерхан спорттық мансабын тастамай, қызмет атқарып жүріп те жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Ушу-саньда спорт шеберін және бокстан спорт шеберіне кандидатты алып, 2021 жылғы сәуірде Ерхан Республика чемпионатының аралас жекпе-жегінде тұғырдың жоғары сатысына көтерілді, ал 4 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өткен ушу-саньда бойынша Қазақстан кубогы чемпионатында 2-орынға ие болды.
– Мен сабырлы бала болып өстім, ата-анама ешқандай қиындық келтірмедім, отбасымызда үш ағайындымыз, ағам – қаржы қызметкері, ал інім Көкшетау қаласының № 1 ӨСБ-нің қызметкері болып жұмыс істейді. Мен әрқашан ата-анамның үмітін ақтауға тырыстым, олар мені мақтан тұта алады деп ойлаймын, – деп бөлісті Ерхан.