Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралары бойынша

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралары бойынша

Коронавирустар – бұл жалпы суықтан бастап ауыр тыныс алу синдромы (SARS-Cov) сияқты күрделі ауруларға дейінгі ауруды тудыратын вирустардың үлкен тобы. Жаңа коронавирус (nCoV) - бұл бұрын адам бойында анықталмаған жаңа штамм.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылғы 11 наурызда COVID-19 коронавирусының індетін пандемия деп жариялады.

Тұмаудан айырмашылығы басқа, бұл коронавирустық инфекциямен адамзат алғаш рет кездесті, сондықтан адамдарда оған қарсы иммунитет жоқ.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында пандемия кезеңінде карантиндік шектеу іс-шаралары жан-жақты енгізілді.

ҚАЖ-дың барлық мекемелерінде санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын барлық қызметкерлер мен арнайы контингент жеке қорғаныш құралдарымен (қорғаныш костюмдері, жоғары дәрежелі қорғаныс маскалары мен респираторлары, қолғаптар, жабық түрдегі көзілдіріктер) қамтамасыз етілген. Маска режимі және қолды антисептикалық құралдармен тазалау тұрақты түрде  жүргізіледі.

ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарға барлық сәлемдемелер мен сауқаттар қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттар кейіннен дезинфекциялық өңдеу (кварцтау және дезинфекциялау құралымен сүрту) жүргізіле отырып, қатаң буып-түйілген және жабық түрде қабылданады.

Инфекциялық бақылау шаралары күшейтілді, оның ішінде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, камераларды және мекеменің коммуналдық-тұрмыстық объектілерін күн сайын кемінде 2-3 рет ылғалды жинауды жүргізу және күн сайын кварцтау, желдету. Сондай-ақ, тұмау белгілері бар және коронавирустық инфекцияға күдікті (температура, жөтел, көңіл-күйдің нашарлауы) науқастарды уақтылы анықтауға, оларды мекеменің медициналық бөліміне дереу қабылдауға жіберуге бақылау жүргізіледі. Медицина қызметкерлері күнделікті тексеру кезінде ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарға термометрия жүргізеді.

ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын, коронавирустық инфекциямен (КВИ) және пневмониямен ауыратын адамдарды емдеу ҚАЖ мекемелерінің ұйымдастырылған инфекциялық және провизорлық стационарларында ұстау орны бойынша жүргізіледі (Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 Қаулысы, 19-т. 6 тармақша). Сондай-ақ қажет болған жағдайда денсаулық сақтаудың азаматтық секторының аумақтық медициналық ұйымдарына шығарылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау басталды, бұл ретте коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға жатады. Елде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуінің қолайсыз болжамын, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде арнайы контингенттің көп жиналуын ескере отырып, ҚАЖ мекемелерінде арнайы контингент арасында сырқаттанушылықтың өршуінің алдын алу және болдырмау мақсатында сотталғандар мен тергеу қамауындағылар арасында вакцинациялау басталды. Бүгінгі күні вакцинаны қабылдағандардың жалпы саны – 96% құрайды.

Қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінде КВИ, пневмония, тұмауды емдеуге арналған дәрілік препараттар (қызуды төмендететін, вирусқа қарсы, антибиотиктер, витаминдер) бар.

Бұл бағыттағы жұмыс күшейтілген режимде жүргізілуде, сондай-ақ ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті басшылығының тұрақты бақылауында.

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті Медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-дәрігері, әділет майоры – Мұсабаева Гүлжан Тастайбекқызы