Ақмола облысының ҚАЖ мекемесіне қырынуға арналған гельде жасырылған телефондарды өткізудің жолы кесілді

Ақмола облысының ҚАЖ мекемесіне қырынуға арналған гельде жасырылған телефондарды өткізудің жолы кесілді

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне аса ауыр қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан 28 жастағы сотталғанның атына республиканың оңтүстік өңірінен бандероль келді. Бұрынғы әскердегі досы «Gillette» қырыну гельін жолдау арқылы полктасын қуантқысы келді.
Мекеме қызметкерлері бұл ақпаратты мұқият тексеріп, сондықтан «тосын сый» бар сәлемдеменің келуін күтті. Тексеру кезінде қырынуға арналған гельдің металлдан жасалған құтысынан шебер жасырылған екі ұялы телефон, әртүрлі ұялы байланыс операторларының бес sim картасы, адаптерлері бар төрт флэш-диск және екі USB кабелі табылды.
Аталған факті бойынша қажетті материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін аумақтық полиция бөлімшесіне жолданды.