Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының ІІО бойынша офицері Алмагүл Кенбаева жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту, сыбайлас жемқорлыққа әкелетін факторларды анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы шектеулер, парақорлықтағы делдалдардың сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алмагүл Кенбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы қабылданған жаңа енгізілімдер туралы айтып, Агенттік жұмысының басым бағыттарымен бөлісіп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірыңғай Call-орталығының жұмысы туралы хабардар етті.
Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат кінәлілерді анықтаумен және жауапкершілікке тартумен шектелгені белгілі, қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оны болдырмауға аударылған - сондықтан осы мақсатта аталған сабақты өткізуге Департамент бастығы Дәулет Рахымбеков бастамашы болды.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен жемқорлыққа төзбеушілік мінез – құлық нормасына айналуы тиіс. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті, оны көпшілік алдында сөгу болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ортақ ісі екенін түсінуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл идеологиясын, мемлекеттік билік органдарының ашықтығы мен жариялылығын енгізу, орнықты және әділ әлемдік дамуға жәрдемдесу маңызды болып табылады. Мұндай мінез-құлық стандарттарын қалыптастыру, ең алдымен, өзіне талап қоюдан, қажетті мінез-құлық белгілерін тәрбиелеуден басталады.