
2021 жылғы 11-13 қараша аралығында Мәскеудегі Ирина Винер-Усманованың гимнастика сарайында жекпе-жек күрестен әлем кубогы өтті. Әлемнің 30 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. Турнир бағдарламасы «жекпе-жек» және «өзін өзі қорғау» атты екі бағыт бойынша өткізілді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 3-ші орындарды алды. Бұл нәтижеге ҚАЖ қызметкерлері, атап айтқанда ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті Павлодар Оқу орталығының өкілдері де өз үлестерін қосты.
«Өзін өзі қорғау» бойынша Оқу орталығының бастығы Исмағамбетов Мұрат 3-ші орынды иеленді. Бұл жүлделі орынды әділет полковнигі «Динамо» Атырау спорт қоғамының мүшесімен бөлісті.
Жарыс қорытындысы бойынша 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде атыс және дене шынықтыру дайындығы циклінің оқытушысы Бектемір Саят 3-ші орынға ие болды. Әлемдік деңгейдегі жарыстарға әділет лейтенанты алғаш рет қатысып отыр. Ағымдағы жылдың наурыз айында Жас жігіт жекпе-жектен XII чемпионатта дебют жасап, соның нәтижесі бойынша ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасы Кубогының чемпионы атанды.