ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алды

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті және оған қарасты барлық мекеме қызметкерлері бүгінгі күннің батыры Ғазиз Байтасовты еске алып, жұмыс күндерін бір минуттық үнсіздікпен бастады.
Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов қызметте жүріп, қырық жасында өмірімен қоштасты. Бүгінгі күні Ғазиз Байтасовтың ерлікпен өмірден өткеніне 10 жыл толды. Батыр әріптесіміз осыдан 10 жыл бұрын өз жолынан таймай, тура келген ажалды батылдықпен қарсы алған. Бүгінде, батырымыздың ерлігі, Отан алдында борышын қорғап жүрген, Отан алдында қызметін атқарып жүрген әрбір азамат үшін ерлік.
Еске сала кетейік, 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында, қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, гранатаны өз денесімен жауып қалды. Осы әрекетімен қаншама адамның өмірін құтқарып қалды.
Ішкі істер Министрлігіне қарасты әрбір қызметкер қабылдаған анттарын орындау барысында, қаншама азаматтарды құтқару жолында, бейбітшілік пен тыныштық үшін өз өмірлерін құрбан еткен еді. Олардың әрқайсысы бүгінгі ұрпақ жүрегінде, деді облыстық Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.
Ғазиз Байтасовқа жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атағы берілген.