
Ақмола ҚАЖД қоныс-колониясына облыстық ҰАТ өкілдері келді.
Жоспарлы аралық тексеру барысында топ басшысы Руслан Мұқажанов мекеменің жеке құрамымен кездесті. Сапардың мақсаты мен міндеттерін айта отырып, қоғамдық бақылау өкілдері колонияның тұрғын аймағына барды.
Құрылған асханада болған комиссия мүшелері ас мәзірімен танысып, азық-түлікті сақтау шарттарын, тез бұзылатын өнімдерді сақтаудың температуралық режимінің сақталуын тексерді. Сотталғандардың тұрғын үй жағдайлары, санитарлық-гигиеналық, медициналық қамтамасыз ету, шағымдар мен өтініштер беру құқықтарының сақталуы зерделенді. Сотталғандарды жеке қабылдау жүргізіліп, құқықтық кеңес беру ұйымдастырылды.
Сапар қорытындысы бойынша ҰАТ мүшелері тексеріс барысында анықталған кейбір кемшіліктерді атап өтті. Сотталғандардың жатын үй-жайларында қалыпты ауа алмасуды жақсарту үшін мәжбүрлі ауа жіберу желдеткішін орнату, күнделікті тұтынатын тамақ өнімдерін сақтау кезінде температуралық режимді есепке алу құжаттамасын жүргізуді сәйкестендіру ұсынылды. Сонымен қатар, мекеме асханасы жұмысшыларының штаттық санын арттыру мәселесін қарастыру бойынша ұсыныстар енгізілді.