
ҚАЖ департаментінің бөлімшелерінде барлығы 27 медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді. 700-ден астам сотталған жазасын өтеп жатқан төтенше қауіпсіз мекемесінде 16 қызметкердің орнына 11-і ғана медициналық бағытта еңбек етуде. Мекемедегі медициналық персоналдың толық жиынтықталмағандығының мәселесі жалақының төмендігімен, сондай-ақ ЕЦ-166/5 мекемесі орналасқан Аршалы кентінде қызметкерлерге арнайы тұрғын үйдің болмауымен байланысты.
Алайда, медицина қызметкерлерінің ең аз санына қарамастан, мекеме қызметкерлері әрдайым уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетеді.
Мәселен, 2020 жылдан бері ЕЦ-166/5 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 64 жастағы сотталған адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, жүрегіне жедел түрде емдеу жүргізілді, сол үшін сотталған медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.
- Алғыс айту мекеме қызметкерлері үшін маңыздылық деңгейін арттырып, күш-жігер береді. Олар басқалар үшін қажетті және маңызды іс жасағанын айқындайды. Қызметкерлердің өз қызметіне ризалығын арттырып, Отанға деген қызмет ету ниетін күшейтіп, мансаптарында мол табысқа жетуге ықпалын тигізеді, деп бөлісті ЕЦ – 166/5 мекемесінің бастығы Нұрлан Беков