Нұр-Сұлтан колониясында сәлемдемеде жасырылған телефон аксессуарларын өткізудің жолы кесілді

Нұр-Сұлтан колониясында сәлемдемеде жасырылған телефон аксессуарларын өткізудің жолы кесілді

ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттардың өткізу арналарын жабу бойынша жұмысты жалғастыруда.
4 қарашада сағат 17:00 шамасында жедел бөлімнің хаттарды тексеру және жеткізу жөніндегі инспекторы А. есімді сотталғанға жолданған хатты қарау кезінде құлаққаптар, ұялы байланыс құралдарына арналған аккумуляторлық батареялар, жинақтаушы флеш-карта және зарядтау құрылғысына арналған адаптерлер тәркіленді.
Алып қою фактісі бейнетіркегішке тіркелді.
Сәлемдемені жолдаушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген 481-бап бойынша 10 АЕК айыппұл немесе ескерту түріндегі жауапкершілік жүктеледі.