ШҚО-да сотталғандарға онлайн шахмат жарысы ұйымдастырылды

ШҚО-да сотталғандарға онлайн шахмат жарысы ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облысының колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арналған шахмат турнирі онлайн режимінде өтті.
10 мекеме арасындағы сотталғандар жеңіс үшін жұмыла күресті. Жарысқа шахмат шеберлері де, колонияда ойнауды жаңадан үйренгендерде қатысты. Ойын төрт сағаттан астам уақытқа созылды.
Әр қатысушы жазасын өтеп жатқан мекеменің намысын қорғауға тырысты. Ойын ашық болды, ұйымдастырушылар тақырыптық сайттардағы виртуалды тақталардан жарыстардың барысын бақылай алды.
Бірінші орын Өскемен қаласының ОВ 156/20 орташа қауіпсіз мекемесінің сотталғандарына, екінші орын Өскемен қаласының ОВ 156/22 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің сотталғандарына және үшінші орын Семей қаласындағы ОВ 156/14 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің сотталғандарына бұйырды. Жеңімпаздар жарысты ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарына ие болды.
Айта кетейік, сотталғандар арасында дойбы, шахмат және спорттық іс-шаралар танымал ойындар болып табылады.