ҚАЖ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді

ҚАЖ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді

ЕЦ-166/1 және ЕЦ-166/10 мекемелерінің басшылығымен «Тұран» және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерінің төртінші курс студенттері арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара ҚАЖ органдарына өз өмірін елге адал қызмет етуге және қылмысқа қарсы күреске арнағысы келетін білімді, тәрбиеленген, мақсатқа ұмтылған және патриоттық рухтағы адамдарды тарту мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында мекеме басшылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы баяндап, университетті бітіргеннен кейін қылмыстық-атқару жүйесі қатарында қызмет етуді ұсынды.
Студенттерге ҚАЖ қызметкерлерінің қолда бар жеңілдіктері, атап айтқанда тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алу мүмкіндігі, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жеңілдік жағдайлары, тегін медициналық қамтамасыз ету, нысанды киім-кешек және қызметтің басқа да оң сәттері туралы айтылды.
Кездесу соңында Қазақстан ІІО қатарында қызмет атқаруға қызығушылық танытқандардың сұрақтарына қосымша жауаптар берілді.
– Жоғары оқу орындарының басшылары мұндай кездесулердің жағымды жақтарын атап өтіп, болашақта жастар үшін осындай іс-шаралар жалғасатынына үміт білдірді, - деп бөлісті ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков.