ШҚО бойынша ҚАЖ мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды

ШҚО бойынша ҚАЖ мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды

Жақында «Антаресс» қоғамдық қорының өкілдері Владимир Кеберле және ШҚО ҚАЖД ОВ 156/22 түзеу мекемесі жасағының бастығы Екатерина Мухамгалиева Өскемен қаласының пробация қызметкерлерімен бірлесіп «Қақпа алдындағы кездесу» ұйымдастырып, босап шыққан адаммен әңгіме жүргізіп, оның бостандықтағы құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
Александр (аты өзгертілген) бұл күнді ерекше және көптен күткен күн деп атайды. Жас жігіт үшін жаңа өмір жаңадан басталды.
«Тағдырлы оқиға үш жыл бұрын болған. Ол өзін-өзі қорғау әрекеті болды. Бауырымды қорғамақшы болдым. Үшеуі оны ұрып-соғып жатқанын көріп, оларға жақындап ажырата бастадым, бірақ олар ешкімді тыңдамады, нәтижесінде төбелес барысында төбелеске қатысушылардың біріне жұдырығыммен соққы жасадым, сол үшін ол үш жылға бас бостандығынан айырылдым», – деді ол.
Александр жазасын жалпы режимдегі колонияда өтей отырып, жақсы мінез-құлқы үшін ШҚО бойынша ҚАЖД 156/22 ОВ колониясына жіберілді, онда 2021 жылғы сәуірде жазаны жеңілдетіп, мерзімін өтеу үшін қоныс колониясына ауыстырылды.
«Ең бастысы, өмір сүріп еңбек етіп, алға ұмтылу үшін мүмкіндігім бар, өйткені мені үйде отбасым: әйелім және екі балам күтеді. Мерзімді өтеу оңай болған жоқ. Өз-өзіме келіп, әрі қарай өмір сүруді жалғастырамын. Құжаттарым реттеулі. Тіркеуім бар. Енді жұмыс табуым керек», - деп ойымен бөлісті Александр.
ШҚО пенитенциарлық жүйесі қызметкерлерінің айтуынша, «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі.
«Біздің міндетіміз – сотталғандарды жұмысқа орналатырып, олардың жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру ғана емес, сондай-ақ кейбір жағдайларда құжаттарын дұрыстауға көмек көрсету мәселелерінде кеңес беру. Пробация қызметкерлері сотталғандарға қайта, жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында барынша қолдау көрсетеді», – деп қорытындылады Өскемен қаласы бойынша пробация қызметінің бастығы Мақсат Манарбеков.