
ҚАЖ қызметкерлері балалардың демалыс күндерін пайдалы өтуін ұйымдастырды.
– Балалар Ж. Аймауытов атындағы драма театрында өтетін «Отпен ойнама!» атты қойылымға шақырылды. Театрландырылған қойылым балаларға отты қалай қолдану керектігін үйретіп, балаларға ойын түрінде, сондай-ақ қарапайым түрде өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып берді. Балалар үлкен әсерге ие болды. Қазір демалыс уақыты, осылайша біз қызметкерлеріміздің балалары үшін бос уақыттарын пайдалы етіп ұйымдастыруды шештік. Осындай іс-шаралармен біз жеке құрам арасында отбасылық құндылықтарды насихаттаймыз, - деп бөлісті мекеме басшысы Мұхтар Сейтахметов.