
Семей қаласында қатаң режимдегі колонияның қызметкерлері ҚАЖ мүгедек-зейнеткеріне қолдан келгенше көмек көрсетіп, #БізБіргеміз акциясына белсенді қатысуда.
Күзгі суық және үсік түскеннен кейін ОВ-156/14 мекемесінің қызметкерлері 25 жылдан астам құқық қорғау органдарында қызмет еткен зейнеткер, екінші топтағы мүгедек Бауыржан Жолдасбековке көмектесуге шешім қабылдады. ҚАЖ қызметкерлері зейнеткердің жағдайы туралы біліп, үйін тазалап, үй шаруашылығына көмектесуге ниет білдірді.
- Мен Самат Зарыққанұлы басқарып отырған ұжымға шексіз ризамын, ол біздің тыныштығымызды қорғап қана қоймай, менің ұлдарым ретінде маған қамқорлықпен және үлкен құрметпен қарайды. Раиса тірі болса, шай дайын болар еді, – дейді зейнеткер Бауыржан аға.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты азаматтардың назарын қайырымдылық іс-шараларға аудару болып табылады, дейді ҚАЖ қызметкерлері.
- Дана халқымыз айтқандай, қарты бар ел – қазыналы ел. Ардагерлер біздің назарымыз бен қамқорлығымызды сезінеді деп үміттенеміз, өйткені #БізБіргеміз акциясы 60 жастан асқан қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға бағытталған. Өткен күзде біз зейнеткерге қыс кезінде отын әкеліп, екі жылға дайындық жасадық, биыл біз оның учаскесін тазартуға көмектестік, – дейді ОВ 156/14 мекемесінің бастығы Самат Ахмеджанов.
Ұйымдастырушылар мүгедек зейнеткерге кез-келген көмек пайдалы және оңтайлы болады деп санайды, бастысы-мұны шын қамқорлықпен және құрметпен жасау.