
Сотталғандарды ҚР ІІМ ҚАЖ мекемелерінде жұмысқа орналастыру мәселесі өзекті болып қалуда.
Гранит кентінің ЕЦ-166/25 мекемесінде жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында колония бастығы Мерген Аргумбаевтың «Еңбек – Көкшетау» РМК филиалының директоры Владимир Елизовпен және ЖК «Новопэк», ЖК «Арсамаков», ЖК «Сахиев», ЖК «Каиржанов»,сондай-ақ «Прометей» қоғамдық қоры бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуде «Еңбек – Көкшетау» РМК филиалының № 1 өндірістік учаскесі объектілерінде сотталғандар үшін жұмыс орындарының санын арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлермен бірлескен жұмысқа екі жақты қызығушылық мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлерге колония өнеркәсіптік аймағының аумағында өзара тиімді шарттармен жаңа нысандарды ұйымдастыру үшін тартылмаған алаңдар ұсынылды.
Барлық мүмкіндіктерді қарап, шақырылғандар өз ойлары мен жобаларын қарастырып, сотталғандар арасынан мамандардың болуы мәселесін пысықтауды, содай-ақ ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол жеткізу үшін қосымша кездесуді ұсынды.