
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 маусымдағы № 443 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Республика Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
Жоба гуманизм принципін басшылыққа алады. Осы Заңның күші қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға Заң жобасы қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылады.
РУ-170/2 мекемесінде жаңа заңның енгізілуіне байланысты сотталғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған мекеменің Арнайы есепке алу тобының аға инспекторы Әсел Бекбаева және жергілікті адвокаттық кеңседен арнайы келген адвокат Нұржігіт Фазылғалиев қатысты.
Мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Ори Тастеева түсіндіргендей, сотталғандарға осы Заң жобасы қарапайым тілмен түсіндіріліп, сотталғандардың қойған сұрақтарына ауқымды жауаптар берілді.